Новости

Жалпы командалық 5 орын

Пара дзюдодан жарысқа қатысатын спортшылардың екі категориясы болады - J1 және J2. Бірінші категория – зағип спортшылар, екінші санат – нашар көретін спортшылар.
Жарыстың бірінші күні J2 -48 келі салмақ дәрежесінде елордалық Ақмарал Науатбек жарқын жеңіске жетті. Ақмарал барлық жекпе-жегін иппонмен жеңді. Бұл оның паралимпиадалық дзюдодан бірінші халықаралық жарысы.
Шәмей Ерғали 73 кг.J1 және Оразалы Олжас 73 кг.J2. күміс медальдарға қол жеткізді. 57 кг.J2 санатында Федосова Даяна қола медаль үшін күресті жарқын аяқтады.
.Жарыстың екінші күнінде бірден 5 қазақстандық спортшы қола медаль үшін күресті:
1.Аманжол Жанбота 90 кг.J2.,
2.Бөгенбаев Дулат +90 кг.J2.,
3.Арыстанбеков Бауыржан 90 кг. J1.,
4.Өтепов Ерлан +90 кг. J1.,
5.Конкиев Ерлан +90 кг. J2.,
Қола медаль үшін кездесуде Аманжол Жанбота мен Арыстанбеков Бауыржан жеңіске жетті.

Турнир Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Ну-Сұлтан қаласы әкімдігінің және «Sport Qory» спортты қолдау қорының қолдауымен ұйымдастырылып отыр.
Made on
Tilda