Новости

Пара дзюдодан Қазақстан құрамасының бас бапкері Жандос Қиянов пікір білдірді

«Азия чемпионатына дайындық тыңғылықты жүріп жатыр. Қазіргі таңда құрама Алматыда жарыс алдындағы соңғы қорытынды жаттығу жиынында шеберліктерін шыңдауда. Азия чемпионатына қатысатын спортшылар қатарында тәжірибелі балуандар да, жас спортшылар да бар.

Биыл Шымкентте өткен Қазақстан кубогінде жаңа есімдер іріктеліп, құрама жасақталды. J1 санатындағы, көзі мүлдем көрмейтіндер санатындағы балуандар үшін бұл әлемдік дәрежедегі алғашқы біріншілік болайын деп тұр.

Құрлықтық бәсеке өз елімізде өтетін болғандықтан жауапкершілік өте жоғары. Спортшыларымыздың физикалық, психологиялық тұрғыдан жағдайлары жақсы. Елордамызда өтетін жарыста құрамадағы әрбір спортшы нәтижелі күрес көрсетеді, ел намысын абыроймен қорғайды деп сенемін», - дейді пара дзюдодан Қазақстан құрамасының бас бапкері Жандос Қиянов.


Қазақстан Республикасының Пара дзюдо федерациясының бас демеушісі – Sport Qory.
Made on
Tilda