Новости

OLYMPIC DAY🎉

Халықаралық Олимпиада комитеті 1948 жылы Санкт-Морицеде өткен ХОК-тың 42-ші сессиясында 23 маусымда Халықаралық Олимпиада күнін өткізу туралы шешім қабылдады. Бұл күннің таңдалуы да бекер емес. 1894 жылдың 23 маусымында ХОК құрылған болатын. Дәл сол күні олимпиадалық қозғалыстың негізін салушы, барон Пьер де Кубертен халықаралық атлетикалық конгресс алдында тарихи баяндама жасап, жиналған қауымды Олимпиадалық ойындарды ұйымдастырудың негіздерімен таныстырады. Конгресс төрт жыл сайын «түрлі халық өкілдерінің арасында жарыс ойындарын өткізу үшін», ежелгі грекиялық олимпиада ойындарын жандандыру туралы Кубертеннің ұсынысын мақұлдайды. Дәл сол жолы Халықаралық Олимпиадалық комитет құрылып, Бас хатшылығынна Пьер де Кубертен сайланады және 1896 жылы І Олимпиадалық ойындарын Грекияда өткізу туралы шешім қабылданады.

Міне, бұл айтулы дата қазір әлемде Халықаралық Олимпиада күні ретінде кеңінен аталып өтеді.

Барша Пара дзюдо спортшыларын осы мерекемен құттықтаймыз!

Қазақстан Пара дзюдо федерациясы бас демеушісі - Sport Qory.
Made on
Tilda