Новости

АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК СПОРТШЫЛАРЫ АНЫҚТАЛДЫ 😍🔥

АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК СПОРТШЫЛАРЫ АНЫҚТАЛДЫ 😍🔥



2023 жылдың қорытындысы бойынша Астана қаласы атынан сынға түскен жерлестеріміздің арасынан ең үздіктері марапатталды.

Биыл көптеген жарыстарда бақ сынап, астаналық спортшылар қоржынымызға жалпы 6072 медаль алып келді. Оның 2245-сі алтын, 1952-сі күміс және 1875-сі қола.

Осы орайда «Бейбітшілік және келісім» сарайында марапаттау кеші ұйымдастырылып, ел алдында жүрген спорт саңлақтары бас қосты.

✅Пара спорт түрлері бойынша әйелдер арасында жыл спортшысы: Ақмарал Науатбек (пара дзюдодан әлем чемпионы, Жазғы Азия Пара ойындарының жеңімпазы)

Пара дзюдодан ең жеңіл салмақтағы Ақмарал Науатбек өзі қатысқан айтулы бәсекелерде топ жарды. Сондай-ақ, ол пара дзюдодан Азия Пара ойындарында ел тарихындағы бірінші алтынды әперді.



✅Пара спорт түрлері бойынша ерлер арасында жыл спортшысы: Ерғали Шәмей (пара дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия Пара ойындарының жеңімпазы)

Құттықтаймыз💐💐💐

Қазақстан Республикасының Пара дзюдо федерациясының бас демеушісі – Sport Qory.


Made on
Tilda