Новости

Екі қазақстандық дзюдошы Азия чемпионатының алтынын өзара сарапқа салды

Екі қазақстандық дзюдошы Азия чемпионатының алтынын өзара сарапқа салды

Пара дзюдодан Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатының финалында екі қазақстандық дзюдошы белдесті. Көзі нашар көретіндер арасында (J2) екі қазақстандық дзюдошылар Жанбота Аманжол мен Ғалымжан Смағұлұлы 90 келінің алтын жүлдесін өзара сарапқа салады.

Нәтижесінде Жанбота Аманжол жеңімпаз атанса, Ғалымжан Смағұлұлы күміспен күптелді.

Ал осы салмақ дәрежесінде Отабек Ирисбеков (Өзбекстан) мен Кумар Сунил (Үндістан) қола жүлдегер атанды.

Қазақстан Республикасының Пара дзюдо федерациясының бас демеушісі – Sport Qory.
Made on
Tilda