Новости

Тарихта алғаш рет!!! Қазақстан - әлем чемпионатының командалық қола жүлде иегері!

Тарихта алғаш рет!!!
Қазақстан - әлем чемпионатының командалық қола жүлде иегері 🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿

Пара дзюдошы жігіттеріміз әлемнің үздіктері Бразилияны 4:2 есебімен жеңіп, жартылай финалға шықты.

Жартылай финалда Азербайжан командасына есе жіберіп, қола жүлде үшін кездесуде ИБСА құрама командасына ешқандай мүмкіндік қалдырмады.
Олжас Оразалыұлы, Темірболат Ташекенов, Ерлан Конкиев және Аманжол Жанбота өз қарсыластарын ес жиғызбай иппон әдісімен таза жеңіп, тарихымызда алғаш рет командалық қола медаль сыйлап отыр!!!

“Бұл жетістік - ерен еңбектің және еліміздегі спортты қолдауының нәтижесі” - деп құрама бас бапкері Жандос Қиянов қысқаша жауап берді.

Еске сала кетейік, командалық сайыста 2019 жылы Қазақстан құрамасы Азия чемпионы атанған болатын.

KAZ PARA JUDO TEAM

Қазақстан Республикасының Пара дзюдо федерациясының бас демеушісі – Sport Qory.
Made on
Tilda