Пара дзюдодан Қазақстанның ұлттық құрамасы өздерінің кезекті оқу-жаттығу жиынын Алматы облысы аумағында орналасқан Олимпиадалық даярлау орталығында өткізді.
Спортшылармыз қараша айының 8-10 аралығында Баку қаласында өтетін Әлем чемпионатына тыңғылықты дайындық жұмыстарын жүргізуде.
Ұлттық құрама бас бапкері - Жандос Қиянов.
Қазақстан Республикасының Пара дзюдо федерациясының бас демеушісі – Sport Qory.